Главные новости Актобе,
Казахстана и мира
Ақтөбе, Қазақстан және әлемдегі,
басты жаңалықтар

Реклама на сайте diapazon.kz, в Инстаграм @gazeta_diapazon и в газете “Диапазон”: +7 775 559 11 11

3352 просмотра

Учи казахский язык с «Диапазоном» | урок №21

Диапазон» совместно с управлением по развитию языков продолжает серию обучающих публикаций. В этом уроке вы узнаете, как совершать покупки в магазине и заказать обед в ресторане. Учитесь, общайтесь, развивайтесь!

Диапазон» совместно с управлением по развитию языков продолжает серию обучающих публикаций. В этом уроке вы узнаете, как совершать покупки в магазине и заказать обед в ресторане. Учитесь, общайтесь, развивайтесь!

СӨЗДІК – СЛОВАРЬ

Құнды - ценный

Тамақтану - питаться, кушать

Дәмді - вкусный

Ащы - соленый

Тәтті - сладкий

Шыдамды - выносливый

Бір мезгілде - в одно время

Ас мәзірі - меню

Әзірлейік - приготовим

Мейрамхана - ресторан

Суық тағам - холодная закуска

Ыстық тағам - горячее блюдо

Пышақ - нож

Шанышқы - вилка

Тоқаш - булочка

Арттырады - здесь: прибавляет

Ұлттық - национальный

Қышқыл - кислый

Салқын - холодный

Прочитайте диалоги несколько раз, переведите их.

Асылбек: Пияз сатып аласың ба?

Әйелі: Жоқ, үйде бар. Картоп, сәбіз, қырыққабат сатып аламын.

Асылбек: Жарайды. Картоп қанша тұрады?

Сатушы: 80 теңге.

Әйелі: Сәбіз қанша тұрады? Қырыққабат ше?

Сатушы: Сәбіз- 85 теңге, қырыққабат- 100 теңге.

Даяшы: Кеш жарық! Қош келдіңіздер!

Ақылбек: Сәлеметсіз бе? Бізге ас мәзірін беріңізші! Камилла, сен қандай тағамды ұнатасың? Не жейсің?

Камилла: Мен мәнтіні ұнатамын. Мәнті жеймін.

Ақылбек: Абзал, сен ше?

Абзал: Мен тауық сорпасын ішемін, содан кейін құймақ жеймін.

Ақылбек: Даяшы, мәнті, тауық сорпасын, құймақ және алма шырынын әкеліңізші!

Даяшы: Жақсы, қазір әкелемін.

Даяшы: Астарыңыз дәмді болсын!

Дүкенде сауда жасап жаттығыңыздар.

Практикуйтесь, покупая продукты в магазине.

ГРАММАТИКА

Бұл - «Тұран» мейрамханасы. Мейрамхана үлкен, екі қабатты.

Мейрамханаға қонақтар көп келеді. Мейрамханада өзіңді дұрыс ұстап, тамақ ішуге арналған құралдарды дұрыс пайдалана білген жөн. Тамақтардың қайсысын бірінші , қайсысын екінші жеу керек екенін ұмытпа.

Ең бірінші суық тағамдарды жейді. Содан соң ыстық тамақты жеу керек. Үшінші шай, кофе, какао, түрлі шырындар ішіледі.

Екінші ыстық тамақты пышақ пен шанышқының көмегімен жейді. Пышақты оң қолмен, шанышқыны сол қолмен ұстау керек.

Шай, кофе, какао және басқа да түрлі шырындарды стақанға толтырып құйма. Нанды, тоқашты, самсаны, кәмпитті, жемісті қолмен алу керек.

Сұрақтарға жауап іздеңіздер.

Ответьте на вопросы.

Мейрамхана қандай?

Ең бірінші қандай тағамдарды жейді?

Содан соң қандай тамақты жеу керек?

Үшінші ше?

Өткен грамматикалық тақырыптар бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

Тестовые задания по пройденным грамматическим темам.

1. Қарамен жазылған сөздің синонимін табыңыз

Қазақстанның табиғаты – әсем.

а) сұлу; ә) таза; б) бай; в) жаман;

2. Зат есімді көрсетіңіз.

а) жақсы; ә) жинау; б) қолмен;

в) дәптер;

3. Көп нүктенің орнына барыс сенптігінің жалғауларын қойыңыз. –қа ; –ке; –ға; –ге;

Айжан анасымен Астана ... кетті. Балалар мектеп .... бара жатыр. Жазда өзен .... шомыламыз.

4. Қажетті көптік жалғауын қойыңыз.

Көптік жалғаулары: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер;

Адам ..., көл....., қала ..., бала ..., ұстаз....., орындық ..., кітап ..., сурет ..., көше ...;

5. Қажетті септік жалғауларын қойып сөйлемдерді аяқтаңыз. Қажетті жалғаулар: -бен, -тің, -ді, -дан, -ға; Суретші қарындаш.... қағаз.... сурет салды. Мектеп...... іші жарық. Інім..... балабақша..... алдым.

6. Толықтырыңыз.

Еріншектің .......... бітпес.

а) бүгіні; ә) ертеңі; б) түні; в) кеші;

7. Жуан дауысты дыбыстардың қатарын көрсетіңіз.

а) а, ұ, о, ы;

ә) а, о, ұ, ү, ы;

б) ы, о, а, і, ә;

в) барлық жауап дұрыс;

8. Қажетті жалғауды табыңыз.

Мен кітап оқығанды жақсы көре ... .

а) –сің; ә) – мін; б) –міз; в) –мің;

9. Сын есімдерді көрсетіңіз.

а) адам, мысық, арыстан, парта;

ә) бар, кел, жаз ,айт;

б) жақсы, әдемі, көңілді, жаңа;

10. Тиісті қосымшаны жалғаңыз.

Мұғалімдер мен оқушы ...

а) –дер; ә) –лар; б) –лер; в) –тер;

11. Жуан сөздерді көрсетіңіз.

а) қала, тақырып, Атырау, Қарағанды;

ә) әнші, немере, Шәмші, көше;

б) Түркістан, Ермек, көлік, жарнама;

в) әпке, сіңлі, көрермен, Айша;

12. Болымсыз сөйлемді табыңыз.

а) Айжан өте сабырлы қыз.

ә) Саябақта әдемі гүлдер өсіп тұр.

б) Мен «Абай жолы» кітабын сатып алдым.

в) Мен бүгін кешкі жаңалықтарды қарамадым.

13. Сөйлемде қандай септік жалғауы бар?

Мен анамды өте жақсы көремін.

а) барыс септігі; ә) ілік септігі; б) табыс септігі; атау септігі;

14. Сөйлемді аяқтаңыз.

Бүгін тамыздың жиырма сегіз...

а) –лау; ә) –ы; б) –і; в) –інші;

15. Сөйлемді аяқтаңыз.

Танысқаныма ...

а) үлкенмін;

ә) ертеңге дейін;

б) қуаныштымын;

в) келемін;

16. Қажетті әріпті жазыңыз.

...ылым, б...лім, мемлекетт...к.

а) қ, ы, ы;

в) ғ,о, а;

с) ң, ө, і;

в) ғ, і, і;

Урок подготовлен ГККП Центр по обучению языкам при ГУ «Управление по развитию языков». По всем вопросам, с пожеланиями обращайтесь по тел.: 95-41-90. Сабақ аяқталды. Сау болыңыз!

Автор — Урок подготовили: Акмарал Сугурбаева и Шынар Тулебаева

Комментарии 0

Комментарии модерируются. Будьте вежливы.